№151 бұйрықтан үзінді
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - 1942 жылғы 25 шілдедегі Жылыой аудандық халық ағарту бөлімінің №151 бұйрығынан алынған ресми үзінді. Құжаттың §4 тармағында Сүлеймен Қарабалиннің 1942 жылғы 24 шілдеден бастап Лермонтов атындағы Қосшағыл орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі (завуч) қызметіне тағайындалғаны көрсетілген. Құжатта аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Изтурғановтың және мектеп инспекторы Н. Бекешевтің қолдары мен ресми мөрдің бедері сақталған. Экспонат Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білім беру жүйесіндегі кадрлық өзгерістерді және педагогтің қызметтік жолын айғақтайтын құнды мұрағаттық дерек болып табылады.
Мерзімі: 25.07.1942 ж.
Материалы: қағаз
Техникасы: машинкамен басу, қолжазба, мөр басу
Өлшемі: 10,2 × 20,2 см
Мерзімделу кезеңі:
1942
Материал:
Қағаз
Техника:
Машинкамен жазу
Өлшемі:
10,2 × 20,2 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)