Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Баспа машинасы (жазу машинка)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - Фатима Ғабитова пайдаланған механикалық жазу машинкасы. Машинка ықшам пішінді, негізгі корпусы қара түсті, сыртқы қаптамасының кей бөліктері сары түспен безендірілген. Алдыңғы бөлігінде орыс әліпбиіндегі әріптер, цифрлар және тыныс белгілері орналасқан пернетақта бар. Жоғарғы бөлігінде қағаз орналастырылатын цилиндрлі білік, қағазды жылжытуға және бекітуге арналған тетіктер орналасқан. Екі жағында таспа орамдары, орталық бөлігінде әріп таңбаларын қағазға түсіретін металл тілшелер орналасқан. Машинка қолмен механикалық түрде іске қосылып, мәтінді қағаз бетіне басып шығаруға арналған.
Аталған жазу машинкасын көрнекті қоғам қайраткері, ұстаз және қаламгер Фатима Ғабитова шығармашылық және қызметтік жұмыстарында пайдаланған.

Мерзімделу кезеңі: 1965 ж
Материал: Металл, Пластмасса
Техника: Құрастыру, Құю
Өлшемі: 30х25 см
Scroll to Top