Шақыру жеделхаты
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
КСРО Байланыс министрлігінің ресми бланкісінде қолмен жазылған телеграмма. Құжат «22-партсъезд» колхозы мекенжайы бойынша Нұрмолда Алдабергеновтің атына жолданған. Онда Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың атынан оның 70 жастық мерейтойына шақыру мәтіні жазылған. Телеграмма бланкісінде пошта мөрі, тіркеу нөмірі (№000047), қабылданған уақыты мен қызметтік белгілері көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
1967 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
14 х 20 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)