Ықылас Дүкенұлының қобызы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген қобызшы, күйші - сазгер Ықылас Дүкенұлының өзі жасап, күй шертіп, пайдаланған музыкалық аспабы. Ұрпақтары 1916 жылдан бүгінгі күнге дейін қастерлеп, отбасының киелі, қасиетті заты ретінде сақтап келген. Олардың айтуы бойынша қобызға 140 жыл толып отыр. Атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлы жасаған, небір күйлерін осы қобызбен тартқан. Қазақ даласында Қорқыт пен Қойлыбай аталардан кейінгі атақты қобызшы Ықылас екендігін айта келіп, қобызшының шөбере келіні Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылының тұрғыны Алтын Ақынбаева музей қорына 2008 өткізген. Осы уақытқа дейін музей экспозициясында сақталып келе жатқан бірегей құнды жәдігер.
Мерзімі: XIX-XX ғғ.
Материалы: Ағаш
Техникасы: Ою
Өлшемі: 65 × 27 × 14 см.