Құттықтау жеделхаты
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қолдан жазылған ресми телеграмма (КСРО Байланыс министрлігінің бланкісі). Құжат Алматы қаласынан Мұқры ауылы, Карл Маркс атындағы колхоз төрағасы Нұрмолда Алдабергеновтің атына Қазақ КСР Мәдениет министрлігінен жолданған. Мәтінде колхоз ұжымы «Халық көркемөнер театры» атағының берілуімен шын жүректен құттықтап, көркемөнерпаздарға зор денсаулық, бақыт және шығармашылық табыстар тіленген. Құжаттың жоғарғы бөлігінде 1967 жылғы 28 маусымдағы («28 067») байланыс бөлімшесінің мөрі мен тіркеу деректері, ал төменгі жағында Мәдениет министрінің қолтаңбасы көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
1967 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
14 х 19 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)