Төсек жапқыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Төсек жапқыш - төсек орнын жабуға арналған тұрмыстық бұйым. Ол көрпелер мен жастықтарды шаң-тозаңнан қорғап, үй ішінің сәнін кіргізеді. Ақ түсті мақта матадан тігілген. Төменгі бөлігіне қызғылт, күлгін, сары және жасыл түсті жіптермен гүлді кесте тігілген. Кесте техникасы - крестик әдісі. Жапқыштың жиегіне алтын түстес жылтыр таспа тігілген, оның астына ақ жіппен қол тоқымалы шілтер (кружева) бекітілген. Екі шетінде байлау бауы бар.
Мерзімделу кезеңі:
1990 ж
Материал:
Жіп, Мата
Техника:
Тігу, Тоқу
Өлшемі:
200х100 см.