Хат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутатының бланкісінде 1957 жылғы 8 шілдеде Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау мекемесіне жолданған құжат. Онда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов Талдықорған аудандық Райгосторг мекемесіндегі бұзушылықтар туралы Қожахметов, Сафронов және Кононенкоға жолдаған баяндамалық хаттарының көшірмесін бақылауға жібергенін хабарлайды. Құжатқа сегіз парақтан тұратын екі баяндама хат қоса берілген.
Мерзімделу кезеңі:
08. 07. 1957 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
20 х 15 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)