Хат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1956 жылғы сәуірде Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалынан колхоз төрағасы Н. Алдабергеновке жолданған ресми шақыру. Институт оның тәжірибесін ескере отырып, ғылыми тілші болуды және колхоз жұмысы туралы мәліметтермен бөлісу арқылы аграрлық ғылымның дамуына үлес қосуды ұсынады. Өз кезегінде институт экономика мен өндірісті ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беруге дайын екенін білдіреді. Хатқа экономика ғылымының кандидаты, филиал директорының міндетін атқарушы Ф. Степин қол қойған.
Мерзімделу кезеңі:
20. 04. 1956 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
20,5 х 30 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)