Қамшы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл жәдігер қазақ халқының дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі - қамшы. Музей қорына Т. Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының тұрғыны Игенбек Құрбанов тапсырған. Қамшының сабы жыңғыл ағашынан жасалып, сырты табиғи былғарымен қапталған. Өрімі сегіз былғары таспадан шебер өрілген. Сап пен өрімнің түйіскен жеріне сәндік былғары шашақ бекітілген.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в.
Материал:
Ағаш, Былғары
Техника:
Кесу, Өңдеу, Өру
Өлшемі:
76 см. - 37 см. - 39 см
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар