Қызметтік тақтайша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жәдігер - ағаш жақтауға орналастырылған тікбұрышты пішінді металл қызметтік тақтайша. Тақтайшаға қара түсті әріптермен «Ақпарат-сараптама бағдарламалары директорының орынбасары» деген қызмет атауы және «Иманғалиев Нұртілеу Иманғалиұлы» деген аты-жөні жазылған.
Тақтайшаның сол жақ бөлігінде «Қазақстан» телеарнасының логотипі - ат үстіндегі, қолында туы бар салт аттының бейнесі орналасқан. Жәдігер белгілі тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының кәсіби қызметімен байланысты және оның «Қазақстан» телеарнасындағы еңбек жолының кезеңін айғақтайды.
Мерзімделу кезеңі:
2019
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Басу, Жапсыру
Өлшемі:
12х18 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)