Сақ жауынгерінің қанжары
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қанжар-сақ дәуіріне жататын, б.з.б. IV-III ғасырларға мерзімделетін қысқа жүзді қару. Екі жүзді қола кинжалдың жүзінде екі бойлық жолақ бар. Сақ жауынгерінің қару-жарақ құрамына кірген. Бетінде табиғи тозу және қоланың тотығу іздері бар.
Мерзімделу кезеңі:
ІV-ІІІ в.
Материал:
Қола
Техника:
Құю
Өлшемі:
55 х 4,5 х 2,5 см.
Санат:
Археология