Қоржын
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қоржын - жіптен тоқылған дәстүрлі қазақ бұйымы. Тік төртбұрышты пішінді, екі жақты қалтасы бар. Көкшіл-қызыл түсті, геометриялық және ұлттық өрнектермен безендірілген. Ортасы қара түсті өрнекті жолақтармен көмкерілген. Қоржынның төрт бұрышында сәндік шашақтары, ал ауыз бөлігінде қоржынды жабуға және бекітуге арналған ілмек жіптері орналасқан.
Қоржын заттарды, азық-түлікті және күнделікті қажетті бұйымдарды тасымалдауға арналған. Дәстүрлі түрде аттың еріне екі жағынан асып немесе иыққа салып алып жүруге пайдаланылады. Ауызындағы ілмек жіптер қоржынның ішіндегі заттардың түсіп қалмауы үшін оны бекітіп жабуға қызмет етеді.
Мерзімделу кезеңі:
2009 ж
Материал:
Жіп
Техника:
Тоқу
Өлшемі:
12х60 см