Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұл медаль тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін Даир Сағадиевке берілген. Даир Сағадиев - Сара Тастанбекқызының жиен немересі. Медальдің жоғарғы жағы жасыл және сары лентамен қапталған, ал негізгі бөлігі сары түсті металдан жасалған. Алдыңғы жағында егін орып келе жатқан комбайн бейнеленген және «За освоение целинных земель» деген жазу бар. Артқы жағында орақ пен балға, бидай масағы мен жүгері бейнеленген. Медальді музей қорына қызы Айман Сағадиева өткізді.

Мерзімделу кезеңі: 1957 г.
Материал: Металл
Өлшемі: диаметр - 3 см.
Санат: Фалеристика
Scroll to Top