Иіссу құятын құты
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Металдан жасалған шағын құмыра пішінді хош иісті май мен иіссу сақтауға арналған ыдыс. Бұйымның төменгі бөлігі мен табаны өрнектеліп, бедерлі түрде жасалған. Корпусының сыртқы беті геометриялық және өсімдік тектес өрнектермен безендірілген. Жоғарғы бөлігінде өсімдік оюларымен өрнектелген сәндік элементтері бар. Бір бүйірінде ұстауға арналған тұтқасы орналасқан. Қақпағы шынжыр арқылы бекітіліп, жабылады. Бұйым сәндік әрі тұрмыстық мақсатта қолданылған.
Мерзімделу кезеңі:
XIX в.
Материал:
Металл
Техника:
Өрнектеу
Өлшемі:
4 × 2 см.