Фотопортрет «Н. Алдабергенов Үндістаннан келген делегаттармен колхоз орталығында»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Фотосуретте Нұрмолда Алдабергенов колхоз конторасының алдында Үндістаннан келген делегаттармен кездесуі бейнеленген:
Сол жақтан бірінші: Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов - басына ақ түсті шляпа, үстіне қара костюм-шалбар киген, қырынан қарап, делегация өкілдерімен тілдесіп тұр.
Ортада және оң жақта: Үндістаннан келген меймандар мен жергілікті өкілдер бейнеленген.
Ақ-қара түсті, топтық фотосурет. Сурет ағаш жақтауға (рамаға) салынып, шынымен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
1957 ж.
Материал:
Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника:
Басу
Өлшемі:
52 х 42 см.
Санат:
Фотосуреттер