Б. Тасмұхановтың жеке портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Фотосуретте Жаршык ауылында 1936 жылы дүниеге келген, Күлсары қаласында 2014 жылы қайтыс болған Бақыт Тасмұхановтың портреттік бейнесі берілген. Ол Күлсары мұнай кәсіпшілігінде оператор-мұнайшы, комсомол комитетінің хатшысы, кейін Жылыой аудандық мәслихатының бас маманы қызметтерін атқарған. Облыстық және аудандық кеңестердің депутаты болған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болған. Портрет тарихи тұлғаның еңбек және қоғамдық қызметін танытатын деректік материал болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
2015
Материал:
Фотоқағаз
Техника:
Фото басып шығару
Өлшемі:
35 х 45 см
Санат:
Фотосуреттер