Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Картина «Қой ауылы»

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұл туындыда алғашқы көктем мезгілінің қазақ даласына тән табиғи келбеті көркем әрі шынайы бейнеленген. Алдыңғы планда көктемнің жаңарған тынысы сезілетін жазық дала - сарғыш тартқан шөп пен көктеп келе жатқан жасыл желек көрініс тапқан. Композицияның сол жақ бөлігінде табиғи формасы сақталған ірі жартас бейнеленіп, кеңістіктің тереңдігін арттырып тұр. Ортаңғы жазықта тығыз орналасқан тұрғын үйлер - ауылдық мекеннің тыныс-тіршілігін сипаттайды. Алыс көріністе егінмен және мал шаруашылығымен айналысып жатқан ауыл адамдары елес сипатында, бірақ тіршілік ырғағын сездіретін дәлдікпен берілген. Бұл детальдар туындыға шынайылық пен ұлттық болмыс дарытып, көрерменге қазақ ауылының күнделікті өмірінен сыр шертеді. Аспан - көгілдір және ақшыл бұлттармен көмкерілген, ол көктемнің әлі толық ашыла қоймаған, салқын лебін сездіреді. Туындыда қолданылған жасыл, сары, қоңыр және көгілдір түстердің үйлесімі табиғи кеңістіктің нәзіктігін, үйлесімділігін және тыныштығын ерекше әсермен жеткізеді.

Мерзімделу кезеңі: 1966 г.
Материал: Ағаш, Бояу, Қағаз, Майлы бояу, Шыны
Техника: Майлы бояу
Өлшемі: 37 х 57 см.
Санат: Бейнелеу өнері
Scroll to Top