Үстел шамы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тұрмыстық және кеңселік мақсатта пайдаланылатын үстел шамы. Ерекшелігі - жалпы формасының саңырауқұлақ тәрізді болуы. Яғни, шамның жоғарғы бөлігі күмбезді, ал төменгі жіңішке бағана мен кең табаннан тұрады. Табаны - дөңгелек пішінді, жалпақ және ауыр. Шамның орнықты тұруын қамтамасыз етеді. Бағанасы - тік орналасқан, жіңішке цилиндр тәрізді. Абажуры - жоғарғы бөлігі саңырауқұлақтың қалпағына ұқсас күмбез пішінді жасыл түсті шыныдан жасалған. Абажурдың жиегі металл сақинамен көмкерілген. Пішіні жарықты төмен қарай бағыттап, жұмсақ әрі біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
Мерзімделу кезеңі:
1950 ж.
Материал:
Мәрмәр, Шыны
Техника:
Құрастыру, Құю
Өлшемі:
43 х 25 см.
Санат:
Техника және аспаптар