«Аврора-215» Super-8 кинотүсіргіші
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Аврора-215» - Super-8 форматындағы пленкаға түсіруге арналған кеңестік әуесқой кинотүсіргіш. Экспонаттың корпусы қара түсті бедерлі пластиктен жасалып, алдыңғы бөлігі күміс түсті металлмен қапталған. Тік тұтқасы, кіріктірілген жарық өлшегіші және түсіруді басқару тетіктері камераны қолмен ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай камералар 1970-1980 жылдары тұрмыстық кино түсіруде, отбасылық және мәдени іс-шараларды бейнелеуде кеңінен қолданылды. Экспонат кеңестік тұрмыстық кинотехника өндірісінің дамуын көрсететін тарихи және ғылыми құндылығы жоғары техникалық мұра болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
1980
Материал:
Пластмасса
Техника:
Басқа, Зауыттық өнім
Өлшемі:
18 × 21,5 см
Санат:
Техника және аспаптар