Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Төсбелгі қызыл түсті муар таспасы бар тікбұрышты аспалы элементке бекітілген. Негізгі бөлігі алтын түстес лавр бұтағынан тұратын дөңгелек жиекпен көмкерілген. Ортасында қызыл сәулелі жұлдыз аясында ақ түсті қалқан бейнеленіп, қалқан бетінде «Отличник гражданской обороны СССР» деген жазу орналасқан. Төсбелгі арнайы пластик ұяшыққа бекітіліп, куәлікпен бірге сақталған. Куәлікте марапат иесінің аты-жөні, Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс бастығының 1972 жылғы 31 шілдедегі №28 бұйрығы негізінде марапатталғаны туралы мәлімет, штаб бастығының қолы және ресми мөрі көрсетілген.

Мерзімделу кезеңі: 1972 ж.
Материал: Қағаз, Металл
Техника: Басу
Өлшемі: 16 х 11см, 4 х 3 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top