Колхозшының еңбек книжкасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құжат екі тілде (қазақ және орыс) рәсімделген. Ішкі бетінде «Колхозшының еңбек кітапшасы / Трудовая книжка колхозника» деген атау берілген. Еңбек кітапшасы №223 болып тіркелген. Құжат иесінің тегі - Қылышбаев, аты - Наурыз, туған жылы - 1941, кәсібі - колхозшы деп көрсетілген. Колхоз мүшелігіне 1958 жылы қабылданғаны жазылған. Құжат «Первое Мая» колхозына (Іле ауданы, Алматы облысы) тиесілі болып рәсімделген. Еңбек кітапшасы колхоз мүшесінің еңбек қызметін, еңбеккүндерін және еңбек өтілін есепке алуға арналған ресми құжат болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
1958 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
15 х 10,5 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)