Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ауыспалы Қызыл Ту

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

1970 жылы КСРО-ның 50 жылдығына арналған қою қызыл барқыттан жасалған ескерткіш ту. Шеттері алтын түсті шашақпен көмкерілген. Ортасында алтын жіппен кестеленген КСРО елтаңбасы, астында «КССР», екі жағында «1920» және «1970» сандары орналасқан. Жоғарғы және төменгі бөліктерінде қазақ және орыс тілдерінде Талдықорған облыстық партия комитеті, атқару комитеті және кәсіподақтар кеңесінің ескерткіш туы екені жазылған.

Мерзімделу кезеңі: 1970 ж.
Материал: Мата
Техника: Сырып тігу
Өлшемі: 120 х 165 см.
Санат: Вексиллология
Scroll to Top