Ваза
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Х. Ерғалиев музейіне халық шығармашылығы ұйымы атынан берілген сыйлық ваза.
Биік пішінді, фарфордан жасалған. Сырты көптүсті глазурьмен қапталып, өсімдік тектес өрнектермен және сюжеттік композициялармен безендірілген. Негізгі бөлігінде табиғат аясындағы адам мен жануарлар бейнесі, жоғарғы жағында дәстүрлі ою-өрнек пен иероглифтік жазулар берілген. Шығыс сәндік-қолданбалы өнер үлгісіне жатады.
Мерзімделу кезеңі:
2005 ж.
Материал:
Фарфор
Техника:
Күйдіру, Қырнау, түртпе, Өрнек
Өлшемі:
120 см.
Санат:
Шыны, фарфор, фаянс