Фотопортрет «Н. Алдабергеновтың жазушы С. Мұқановпен кездесуі»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Фотопортрет «Нұрмолда Алдабергеновтың жазушы Сәбит Мұқановпен кездесуі».
Фотосуретте екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов (оң жақтан екінші) пен жазушы Сәбит Мұқанов (ортада) ауыл активтерімен бірге бейнеленген. Суретте жазушы мен ауылдың еңбек озаттары Алдабергеновпен еркін әңгімелесіп тұрған сәт көрініс тапқан. Қатысушылардың кеуделеріндегі марапат белгілері олардың қоғамдық және еңбек саласындағы еңбегін айғақтайды.
Фотосурет ақ-қара түсті, ағаш жақтауға салынып, қорғаныш шынымен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
1961 ж.
Материал:
Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника:
Басу
Өлшемі:
52 х 42 см.
Санат:
Фотосуреттер