Мандат №74
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мандат №74 - Талдықорған облысы тұтынушылар қоғамы одағының II съезі делегатының куәлігі. Мандат Нұрмолда Алдабергеновке берілген. Қалың қызыл картоннан жасалған, мәтіндері мен бейнелері алтын түсті бедермен орындалған. Жоғарғы сол жақ бөлігінде В.И. Ленин мен И.В. Сталиннің профильдері бейнеленген. Құжат Н. Алдабергеновтің Талдықорған аудандық тұтынушылар одағынан съезге шешуші дауыс құқығымен делегат болғанын растайды.
Мерзімделу кезеңі:
1954 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
6 х 9 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)