Ағаш табақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ағаш табақ-қазақтың дәстүрлі ас үйіне тән қолөнер бұйымы. Ет, бауырсақ, май, жент сияқты ұлттық тағамдарды салуға арналған. Табиғи ағаштан қолдан ойылып жасалған. Дөңгелек формада, ішкі жағы тереңдеу ойыс. Шеті дөңгеленіп, сәл жоғары қайырылған. Табаны жалпақ, ыдысты орнықты етіп тұрғызуға арналған.Ағаштың табиғи сарғыш-қоңыр түсі, ішкі беті қарая түскен - бұл майлы тағамдармен ұзақ пайдаланылғанын көрсетеді. Орташа көлемді, бірнеше адамға арналған.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ
Материал:
Ағаш
Техника:
Тесу, оймалау
Өлшемі:
d- 39 см, h- 12 см
Санат:
Артефактілер