Төс
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұстаның түрлі металды қыздырып немесе құрғақтай өңдейтін негізгі құралы. Төстің беті суғарылған асыл болып келеді. Тұмсығының түбінде ,яғни төстің желке тұсында темір кесуге арналған жасық жері ,сондай -ақ дүм жағындағы бетіне бір дөңгелек бір төрт бұрышты тесіктері бар. Дөңгелек тесігіне салып әртүрлі кесу жұмыстары атқарылады.ал төртбұрышты тесікке түрлі көмекші құралдар сұғылады. Төстер қайың,қарағаш,емен сияқты қатты ағаштардан көлденең кесіліп алынған дөңбекке бекітіледі. Темір ұстасы көбіне жұмысты тұрып істейді. Сондықтан жұмыс кезінде белі ауырмау үшін әрі балға соғуға ыңғайлы болуы үшін төстің биіктігі ұста тік тұрып, қолын жанына қойып,жұдырығын түйгенде төстің бетіне тиіп тұратындай деңгейде орнатылады.
Материалы:Темір
Ұзындығы:24см