Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сырлы қыш құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ваза керамикадан жасалған, қабырғалары жұқа, алмұрт тәрізді пішінді және мойны биік. Мойын жиегінің бір бөлігі зақымдалған, кейбір бөліктерінде жылтыр қабатының жоғалғаны байқалады. Вазаның корпусының ортаңғы бөлігі дөңес, мойны жоғары қарай тарылып, жиегі сыртқа қарай қайырылған. Тұтқасы мойынның жоғарғы және ортаңғы бөліктеріне бекітілген. Тұтқаның жоғарғы бөлігінде отырған құстың көлемді бейнесі орналасқан. Корпастан мойынға өтетін тұста екі көлденең сызықтан тұратын, арасы өріммен безендірілген жартылай бедерлі өрнек орналасқан. Корпустың төменгі бөлігінде әріптер түріндегі қайталанатын жартылай бедерлі өрнек, сондай-ақ «Тәутеке» өрнегі бейнеленген көлденең белдеу орналасқан. Ваза ашық жасыл түсті тік жолақтармен және бүйірлеріндегі ақ түсті бөліктермен безендірілген жылтыр қабатпен қапталған.

Мерзімделу кезеңі: XIV век
Материал: Глина, Керамика
Техника: Күйдіру
Өлшемі: Высота: 15 см, диаметр горла: 15 см, диаметр боков:11см.
Санат: Тұрмыстық бұйымдар, Ыдыс-аяқ
Scroll to Top