Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құттықтау жеделхаты

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құттықтау жеделхаты - Талдықорған аудандық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінен Карл Маркс атындағы колхоз ұжымына арналған. КСРО Байланыс министрлігінің екіге бүктелетін «Серия Д-5» көркем телеграф бланкісінде орындалған. Сыртқы бетінде Ленинград көрінісі, «Аврора» крейсері және «С праздником ВЕЛИКОГО ОКТЯБРЯ!» деген мерекелік жазу бейнеленген. Мекенжайы машинкамен басылған, пошта маркасы мен ресми мөрлер қойылған. Ішкі бетінде қызыл-қоңыр фонда «ТЕЛЕГРАММА» жазуы және машинкамен терілген құттықтау мәтіні орналасқан.

Мерзімделу кезеңі: 1967 ж.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 14 х 20,5 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top