Өмілдірік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Өмілдірік - қазақтың дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі. Ол ердің артқа қарай жылжып кетуін болдырмайтын, аттың кеуде тұсына тағылатын жабдық. Өмілдірік әсіресе таулы, ойлы-қырлы жерлерде немесе шапқанда ердің орнықтылығын сақтау үшін қолданылған. Өмілдіріктің беткі бөлігі күміс түстес металл қаптамамен безендірілген, металл әшекейлер былғары негізге шегелер арқылы бекітілген.
Мерзімделу кезеңі:
XIX ғ.
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Илеу
Өлшемі:
110 см.