Белдік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ әйелдері дәстүрлі түрде таққан сәндік белдік. Белдік бірнеше тікбұрышты күміс тақташадан тұрады. Әрбір тақташа «қошқар мүйіз» және «сыңар мүйіз» сияқты дәстүрлі ою-өрнектермен безендіріліп, былғары негізге бекітілген. Тақташалар бір-бірімен ұсақ ілгектер арқылы жалғанып, белдіктің иілгіштігін қамтамасыз етеді. Белдіктің екі ұшында түймелері бар ірі тікбұрышты күміс ілгектер орналасқан. Олар белдікті бекітуге арналған. Ілгектердің маңында күміс сәндік түймелер мен қосымша тойтармалар орналасып, бұйымның көркемдік сипатын айқындайды.
Мерзімделу кезеңі:
1980 ж.
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Илеу
Өлшемі:
1 метр
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар