Аспалы шам
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан керамикадан қалыптау және күйдіру әдістері арқылы жасалған. Дәстүрлі майшам ретінде, май жағу арқылы пайдаланылған. Шырағданның пішіні дөңгелек, ортасында тік орналасқан шығыңқы бөлігі бар, оның жоғарғы бөлігінде ілуге арналған саңылау орналасқан. Негізгі корпусынан білтелерге арналған сегіз саңылау шығады. Беткі қабаты жасыл түсті глазурьмен қапталған. Кейбір жерлерінде бояудың ішінара қабыршақтануы байқалады. Қазіргі уақытта сегіз білтенің бесеуі зақымдалған (сынған).
Мерзімделу кезеңі:
ХІV ғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Күйдіру
Өлшемі:
23 х 15 см
Санат:
Археология