«Айша-бибі» кесенесінің кірпіші
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қараханидтер дәуірінде салынған «Айша бибі» кесенесінің түпнұсқа керамикалық өрнекті кірпіші. Ерекше өрнекпен қашалып күйдірілген саздан (терракота) жасалған. Оның бетінде күрделі кесте түріндегі ою-өрнек бар. Тоғысқан өрнектер көшпелілер өркениетіне тән шексіздікке негізделген. Мұндай өрнек «шексіз ою» немесе «мәңгілік » деп аталады. Өрнектердің тоғысқан жерінде саңлауы бар. Кірпіштің артқы жағы дөңес, ал алдыңғы беті тегіс ,ойылған.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ ғғ.
Материал:
Глина
Техника:
Күйдіру, Пішіндеу
Өлшемі:
22,5 х 20 см
Санат:
Археология