Куәлік және құрмет белгісі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Төсбелгі алтын түстес металдан жасалған. Жоғарғы бөлігінде көгілдір эмальмен «Қаратал ауданының Құрметті азаматы» деген жазуы бар тікбұрышты аспалы бөлік орналасқан. Төменгі бөлігінде Қаратал ауданының шартты белгісі бейнеленген: тісті доңғалақ, бидай масағы, көгілдір толқындар және жасыл түсті композиция эмальмен әрленген. Төсбелгі арнайы куәлікпен бірге сақталған. Куәлікте Валентина Васильевна Ингеге Қаратал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 сәуірдегі №49-231 шешімімен «Қаратал ауданының Құрметті азаматы» атағы берілгені көрсетілген. Құжатта аудан әкімінің және мәслихат хатшысының қолдары қойылған.
Мерзімделу кезеңі:
2011 ж.
Материал:
Қағаз, Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
16 х 1 см, 6 х 3,5 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)