Леген
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Леген - көлемі орташа, қыштан жасалған бұйым. Қышшы дөңгелекте дайындалған. Әшекейлеуінде қара, ақ және жасыл түстер қолданылған. Беті геометриялық фигуралардан тұратын өрнектермен безендірілген, сондай-ақ үшкір құралдың көмегімен түсірілген ойықтар бар. Өрнектер мен түстік әшекейлерде өсімдік тектес мотивтер кездеседі.Легенннің жиегі кең жасыл жолақпен безендіріліп, оның екі шеті жіңішке қара жолақтармен жиектелген. Жасыл жолақтың бетіне өсімдік жапырақтары түріндегі ойық өрнектер түсірілген.Безендіру тәсілі - сырлы керамика. Бұйымның ішкі беті түрлі түсті, сыртқы беті ақ түсті. Легеннің сыртқы бөлігінде түбіне таман бөлікте әліпбилік таңба - «Ғ» әрпі бар.Леген өзбек отбасыларының тұрмысында жеміс-жидек пен палау ұсынуға пайдаланылған.
Түскен жері және тарихы: 1990 жылы Розах-Тохта Игамбердиеваның мұражай қорына сыйға тартуы арқылы түскен. Даретушінің мәліметі бойынша, оның отбасы революцияға дейін Ташкент облысынан қоныс аударған.