Журналистік куәлік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Куәлік екі бөліктен тұрады. Сол жақ бетінде «Коммунизм жолы» газетінің Қаратал аудандық партия комитеті мен аудандық халық депутаттары кеңесінің ресми басылымы екендігі туралы мәлімет және иесіне қоғамдық көліктің барлық түрімен тегін жүруге рұқсат берілгені жөніндегі мәтін басылған. Оң жақ бетінде куәлік иесінің фотосуреті, аты-жөні, «корреспондент» деген қызметі, куәліктің №10 нөмірі, редактордың қолы және 1989 жылғы 21 қыркүйек күні көрсетілген. Құжат қызыл түсті қатты мұқабамен қапталып, сыртынан мөлдір пластикпен қорғалған.
Мерзімделу кезеңі:
1989 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Типографиялық баспа
Өлшемі:
16 х 7 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)