Медаль және куәлік № 077202
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль бесбұрышты қалыпқа бекітілген қара және қызғылт сары жолақты муар таспаға ілінген. Дөңгелек медальдің алдыңғы бетінде қызыл жұлдыз аясындағы «Отан соғысы» орденінің бейнесі орналасқан. Ортасында балға мен орақ бейнеленген, айналасында «ОТЕЧЕСТВЕННАЯ ВОЙНА» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде «1945-2015» жылдары көрсетілген. Медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 Жарлығына сәйкес берілген куәлікпен бірге сақталған. Куәлікте марапат иесінің аты-жөні, марапаттау туралы мәтін, Қаратал ауданы әкімінің қолы мен ресми мөрі қойылған.
Мерзімделу кезеңі:
2015 ж.
Материал:
Қағаз, Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
15 х 10 см, 6 х 3 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)