Мүшелік билет
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақстан Жазушылар одағының мүшелік билеті.
Жазушы Әли Ысқабайға тиесілі. Әли Ысқабай 1990 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған. Мүшелік билет 2007 жылғы 22 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің қолымен берілген. Құжат жазушының Қазақстан Жазушылар одағына мүшелігін растайды.
Мүшелік билет қою көк түсті мұқабасы бар екі бетті кітапша түрінде жасалған. Мұқабасының алдыңғы бетінде «Қазақстан Жазушылар одағы» деген жазу мен Одақтың эмблемасы бейнеленген. Ішкі бетінде Әли Ысқабайдың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті жапсырылып, иесінің жеке мәліметтері, құжаттың берілген күні және мүшелік туралы мәліметтер көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
2007 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
10х7 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)