Куәлік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Құжат 1989 жылғы 24 мамырдағы Жарлық негізінде Әли Ысқабайға «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілгенін растайды.
Куәлік екі беттік, бүктелмелі кітапша түрінде орындалған. Мұқабасы жасыл түсті тығыз қатырма қағаздан жасалған. Ішкі бетінің сол жағында Ә. Ысқабайдың 3 × 4 см көлеміндегі фотосуреті, оң жағында құрметті атаққа арналған төсбелгінің бейнесі орналасқан. Мұқабаның сыртқы бетінде Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
Мерзімделу кезеңі:
1989 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Типографиялық өнімдер
Өлшемі:
10х7 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)