Қанжар
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қанжар - қос жүзді, түзу сәл қырлы, ұшы үшкір, жекпе -жекте қолданылатын қысқа суық қару. Екі жүзі бар, кесу-түйреу арқылы жарақат салатын қарудың бір түрі. Жауынгерлік қару ретінде де, күнделікті тұрмыста да қолданылған. Сабы темір, сырты ағашпен қапталған, ағаштың сырты сары, ақ металмен ою түрінде өрнектелген, көкшіл, қою қызыл түсті таспен әшекейленген. Қынабы былғарыдан жасалған. Кынабының сыртында қайыстан жасалған ілмегі бар.
Мерзімделу кезеңі:
XIX в.
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Аралас техника
Өлшемі:
41,5смх12 см.
Санат:
Қару-жарақ