Кимешек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кимешек - қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі, әсіресе жасы үлкен, бала туған аналар киетін киім үлгісі. Бұл кимешек - қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың анасы Тәжібала Ақшалқызына тиесілі.
Бұйым ақ түсті матадан тігілген, ромб тәрізді пішінге ие. Оның беті қызыл жіппен кестеленген ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Мұндай оюлар тек сәндік қызмет атқарып қоймай, иесінің жасына, әлеуметтік мәртебесіне және өңірлік ерекшелігіне де ишара береді. Бұл кимешек - бір жағынан тұрмыстық бұйым, екінші жағынан, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әйелінің болмысы мен мәдениетін танытатын этнографиялық жәдігер.
Мерзімделу кезеңі:
1965 год
Материал:
Мақта материалы, Мулин жіптері
Техника:
Ойып тігу
Өлшемі:
117х92 см.
Санат:
Киім және кесте