Садақ қорамсағымен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Садақ XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басы қазақ батырларының қару-жарақ құралына жатады. Садақ-серіппелі қуат арқылы жебені алысқа лақтыратын аңшылық және соғыс құралы. Ағаштан жасалған. Ағашты доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасаған. Қорамсағы қоңыр түсті былғарыдан жасалған. Садақ пен қорамса - көшпелі халықтардың, соның ішінде қазақ халқының әскери мәдениетінде ерекше орын алатын, бірін-бірі толықтырып тұратын жауыгерлік құралдар.
Мерзімделу кезеңі:
ХVІІІ ғ.
Материал:
Ағаш, Синтетикалық былғары
Техника:
Аралас техника
Өлшемі:
150 см.
Санат:
Қару-жарақ