Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дәстүрлі тоқылған кілем. Тікбұрышты пішінді. Негізгі алаңының түсі қошқыл қызыл, геометриялық және өсімдік тектес өрнектермен безендірілген. Орталық бөлігінде өсімдік өрнегі бар ірі ромб тәрізді элемент, бұрыштарында гүлді өрнектерден тұратын композициялар орналасқан. Кілем бірнеше сәндік жолақтармен жиектелген. Безендіруде қошқыл қызыл, күлгін, көгілдір, сары, қызғылт сары, қызғылт және ақ түстер қолданылған. Жиектерінде шашақтары бар.
Мерзімделу кезеңі:
1960-е гг.
Материал:
Мақта мата
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
328х147 см
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары