Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кебеже

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақ халқының ыдыс-аяқ, азық-түлік және тұрмыстық бұйымдарды сақтауға арналған дәстүрлі ас үй жиһазы. Ағаштан тікбұрышты шкаф пішінінде жасалған.
Алдыңғы жағында екі металл ілмекке бекітілген және ағаш ысырмамен жабылатын тікбұрышты ашылмалы есігі бар. Фасады жануар сүйегінен жасалған оймышталған жапсырма тақталармен, сондай-ақ бұйымға көркемдік мән беретін өрнекті екі шаршы пішінді құйма металл жапсырмалармен бай безендірілген.
Бұл зат - XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың дәстүрлі қолданбалы өнерінің үлгісі. Музей қорына 1977 жылы Жетісу облысының тұрғыны Д. Қанатбекова тапсырған.

Мерзімделу кезеңі: Вторая половина ХІХ века
Материал: Ағаш, Металл
Техника: Құю, Оюлау, Соғу, Тесу, оймалау
Өлшемі: длина - 60 см, ширина - 34 см, высота - 70 см
Санат: Этнография
Scroll to Top