Жеңсе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ жауынгерінің дәстүрлі қорғаныс жарақтарының бірі.
Жауынгердің білегін қылыш, найза және басқа да қару соққыларынан қорғау үшін екі қолға тағылған. Бір-бірімен топсалар арқылы жалғасқан екі бөлікті металл пластиналардан тұрады. Қолға мықтап бекіту үшін қайыс тартпа баулармен жабдықталған.
Бұйым қолмен жасалған. Ұрыс кезінде жауынгердің білегін жарақаттан қорғап, қозғалысына кедергі келтірмей сенімді қорғаныс қызметін атқарған.
Мерзімделу кезеңі:
2018 г.
Материал:
Былғары, Металл
Өлшемі:
39.5х11.5 см
Санат:
Қару-жарақ