Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құрмет грамотасы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құрмет грамотасы Социалистік Еңбек Ері Шаблан Ділдабековке ауыл шаруашылығы өндірісіндегі көпжылдық жемісті еңбегі мен 60 жасқа толуына орай 1983 жылғы 19 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан табысталған. Құжат қызыл түсті қатты мұқабамен қапталған. Грамота қазақ және орыс тілдерінде рәсімделген, оған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы Саттар Имашев қол қойған және ресми мөр басылған.

Мерзімделу кезеңі: 1983 ж.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 31,7х24 см.
Санат: Марапат
Scroll to Top