Грамота
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Грамота Социалистік Еңбек Ері Шаблан Ділдабековке 1976 жылғы 24 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен берілген. Құжат екі беттен тұрады. Қызыл түсті мұқабасында КСРО Мемлекеттік елтаңбасы мен «Союз Советских Социалистических Республик», «Герою Социалистического Труда» деген жазулар орналасқан. Грамотада Шаблан Ділдабековтің Социалистік Еңбек Ері атағымен, Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталғаны көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
1976 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
30,6х21,7 см.
Санат:
Марапат