Күміс қапсырмалы белдік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
XIX ғасырға жататын күміс қапсырмалы белдік дәстүрлі қазақ әйелдер киіміне қатысты сәндік әрі функционалдық бұйым болып табылады. Белдік тығыз қызыл барқыт матадан тігілген. Екі ұшына ірі, тікбұрышты пішінді, өрнекті күміс қапсырмалармен жабдықталған жалғастырғыш бөлшектер орнатылған. Белдік бетіне симметриялы түрде сегіз аспалы элемент орналастырылып, олар жылтыр өңделген агат тастарынан құралған. Күміс қапсырмалар геометриялық және күн тәрізді өрнектермен, штамптау және оймыштау тәсілдерімен безендірілген, кей бөліктері дәнекерлі түйіршіктермен толықтырылған. Бұйымның маталық негізі, металл бөлшектері мен тас қондырмалары жақсы сақталған.
Мерзімі: XIX ғасыр
Материалы: 800 сынамалы күміс, қызыл барқыт мата, агат
Техникасы: Оюлау, тігу, қалыптау, бедер түсіру
Өлшемі: Ұзындығы - 73 см, ені - 5,5 см; салмағы - 92 г