Әйелдер белдігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
XX ғасырға жататын әйелдер белдігі дәстүрлі зергерлік өнер мен ұлттық киім мәдениетінің көрнекті үлгісі болып табылады. Бұйым қою қоңыр түсті былғары негізден және оның бетіне бекітілген кемінде 15 бедерлі металл пластинадан тұрады. Металл бөлшектеріне сопақша пішінді қызыл агат тастары орналастырылып, олар түйіршіктелген жиекті қалыптарға бекітілген. Пластиналар шеку, гравюра және зернелеу тәсілдерімен безендіріліп, жекелеген бөліктері алтын жалатылған. Күміс және алтын түсті беттердің үйлесімі бұйымның сәндік әсерін күшейтеді. Белдіктің былғары негізі, металл бөлшектері мен әшекейлері жақсы сақталған.
Мерзімі: XX ғасыр
Материалы: 800 сынамалы күміс, алтын, былғары, қызыл агат
Техникасы: Қалыптау, шеку, ойып кесу техникасы, зернелеу, гравюра, алтын жалату, дәнекерлеу
Өлшемі: Ұзындығы - 89,5 см, ені - 3,5 см; салмағы - 200 г