Күміс тіс тазалағыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Батыс Қазақстанда қолданылған дәстүрлі жеке гигиена бұйымы - күмістен жасалған тіс тазалағыш. Пішіні сыртқы сұлбасы жағынан домбыраға ұқсас: бір ұшы жіңішкеріп, үшкірленген, екінші бөлігі кеңейтілген тамшы немесе сопақша пішінді. Кеңейтілген бөліктің ортасында рельефті «көзше» элементі орналасып, оны айнала иірім тәрізді өрнек жүргізілген. Жоғарғы бөлігінде шекіме тәсілімен орындалған қосымша дөңгелек сәндік элемент бар. Бұйым 800 сынамалы күмістен жасалып, қалыптау, бедер түсіру және шекіме тәсілдері қолданылған. Сақталуы жақсы, металл тұрақты, сәндік бедерлері анық, деформация мен зақымдану белгілері байқалмайды.
Мерзімі: XX ғасыр
Материалы: 800 сынамалы күміс
Техникасы: Қалыптау, бедер түсіру, шекіме
Өлшемі: Ұзындығы - 6,5 см; ені - 1,8 см; салмағы - 3,9 г